Корзина
Нет отзывов, добавить
Качественные теплицы от компании AiOK+Подробнее
Наличие документов
Знак Наличие документов означает, что компания загрузила свидетельство о государственной регистрации для подтверждения своего юридического статуса компании или индивидуального предпринимателя.
+7(707)404-45-50
Ералиев Айжарык
  • AiOk+
  • Полезная информация 1

Полезная информация 1

Үйді мансард үлгісімен салушылар үшін ерекше ескеретін жай бар.

Мансард үй төбесі мен шатырының бірге қосылып жабылған түрі. Бұл нұсқа мансардты ойлап тапқан Мансард деген немістің атымен аталып кеткен. Үй салушы үшін ұтымды-ақ нұсқа болса да оның тиімсіз жағы да бар екенін көпшілігі ескере бермейді. Тиімді жағы, әрине, ағаш үнемдейсіз. Ал, тиімсіз жағы оны жылу ұстағыш материалдармен қымтаған кезде көрінеді және қиындық туғызады. Көбі шатырын жауып алып, оның ішкі бетінен жылытқыш (утеплитель) тыға бастайды. Көп ретте утеплитель мен ағаш (стропила) арасында болатын қуыстарды(щели) толық бітеп шығу мүмкін бола бермейді де, құрлысшылар «сыйпай салды» тәсілімен жасай салады. Оны сауатты істеу үшін шатырды жаппай тұрып, жоспарлап аламыз. Яғни, стропиланың астынан, үйдің ішкі бетінен пароизоляциялық жабын (пароизоляционная пленка) тартып аламыз да оның астынан рейка жібереміз. Сосын, үйдің үстіне шығып, ұқыпты етіп, қуыс қалдырмай жылытқыш (утеплитель) төсеп аламыз. Сонан соң ғана жылытқыштың (утеплитель) үстінен су өткізбейтін жабын (влагозащитная пленка) жабамыз. Оның үстінен подшифер рейка жібереміз. Осылар істеліп болған соң шатырды жабамыз. Бұл тәсіл сіздің уақытыңызға, жүйкеңізге және ақшаңызға тиімді.

Егер:

  • Үйдің жылы болғанын қаласаңыз;
  • Көңілде күмән қалмасын десеңіз;
  • Жоғарыда айтылған кеңесті «есуастық» демесеңіз;
  • Әлі мансардтың шатырын жауып үлгермесеңіз, Бізден тегін кеңес алыңыз!!!

Егер:

  • Ескі шатыр су өткізетін болса;
  • Қыста суық болса;
  • Ескі шатырыңызды жаңалағыңыз келсе, бірақ оны айтпасаңыз, біз ол туралы біле алмаймыз.

Сол себепті:

  • Естімей қалдық демесін деп;
  • Білмейтіндерге істетпесін деп;
  • Біздің шеберлердің қызметін пайдаланудан құр қалмасын деп, осы ойымызды сізге жолдап отырмыз!

Ескерту:

  • Сіз хабарласпасаңыз біз де хабарласпаймыз!
  • Сіз шақырмасаңыз біз де бармаймыз!
  • Сіз сұрамасаңыз біз де айтпаймыз!
  • Әзіл көңіліңізді жылытады, эковата үйіңізді жылытады!

Өз рахатыңызға жұмсаған қаржыңыз сіздің көңіліңізге көктем, өміріңізге береке әкелсін деп тілейміз!

Мекеніміз: Алматы облысы мен қаласы.